Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халық» газеті ұлт руханиятын ұлықтауда

21.07.2020, 14:40 669

Құрметті Нұржан Әбжанұлы!
Қадірлі әріптестер!

Сіздерді республикалық «Халық» газетінің 20 жылдық мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын.

Оқырманның сырлас серігіне айналған «Халық» газеті ұлт руханиятын ұлықтап, елдік сананың еңсесін тіктеу ісіне өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Елбасының және Мемлекет басшысының сындарлы саясатын, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылу барысын, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің атқарып жатқан қызметін жұртшылыққа жария етуде басылымның алатын орны ерекше. Газет тілшілері облыстың тыныс-тіршілігін тереңнен толғап, жеңісі мен жемісін, сондай-ақ маңызды салалар қызметінің дұрысы мен бұрысын қара қаламға арқау етіп, сыни тақырыптарда да тұщымды мақалалар жариялануда.

Сондықтан оқырман қауымның айнымас досына, өңір өмірінің айнасына айналған басылым ақпарат кеңістігінде айрықша орынға ие.

20 жылдық белесті абыроймен еңсеріп, игі істерге бағыт алған іргелі басылым ұжымын мерейлі мерейтойымен құттықтап, уақыт талабына сай жоғары деңгейден көріне берулеріңізге тілектестігімді білдіремін. Сіздерге әріптес әрі газеттеріңіздің тұрақты оқырманы ретінде шын жүректен сәттілік тілеймін!

Құрметпен,

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,

Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы»

газетінің бас редакторы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: