Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада студенттер полиция жұмысымен танысты

23.10.2026, 16:40 44

Қызылорда қаласында Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледждің студенттеріне полиция басқармасының жұмысы таныстырылды. Жастар уақытша ұстау изоляторын, криминалистердің қызметін және «102» арнасына түсетін хабарламалардың қалай тіркелетінін көрді, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ашық есік күні өтті. Іс-шараны Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Ләззат Ахметова жүргізді.

Кездесу барысында студенттер полицияның күнделікті қызметімен танысып, басқарманың бірнеше құрылымдық бөлімшесін аралады. Оларға уақытша ұстау изоляторының, жедел-криминалистикалық бөлімнің және кезекші бөлімнің жұмысы көрсетілді.

Әсіресе «102» арнасына келіп түсетін хабарламаларды қабылдау мен тіркеу тәртібі таныстырылды. Сондай-ақ студенттер қылмыстық істердің қалай тергелетіні және қабылдау-тарату мекемесінің қызметі туралы ақпарат алды.

Жастар полиция қызметіне орналасу талаптарына да қызығушылық танытты. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің міндеттері, жауапкершілігі және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жөнінде сұрақтар қойды.

Ләззат Ахметова студенттердің сауалдарына жауап беріп, заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну маңызды екенін түсіндірді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық қорғау саласындағы мамандықтармен танысуына және полиция мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Дереккөз: Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ақпараты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: