Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және жастардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжінің базасында жас дәнекерлеушілер арасында байқау ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Байқауға 7 жас маман қатысып, арнайы тапсырмалар негізінде өзара бақ сынасты. Қатысушылар кәсіби біліктілігі мен шеберліктерін көрсетіп, үздіктер анықталды.
Нәтижесінде Ердос Ералы жеңімпаз атанып, ұйымдастырушылар тарапынан 150 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.

Мұндай байқаулар жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, жастардың кәсіби дамуына және өз саласында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!