Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды

02.09.2026, 10:20 49

Қазақстанда соңғы екі жылда 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

2024 жылы мемлекеттік есепке алғаш рет 35 кен орны қойылған. Оның 23-і қатты пайдалы қазбаларға, 6-ы көмірсутек шикізатына, тағы 6-ы жерасты суларына тиесілі.

Ал 2025 жылы тағы 19 жаңа кен орны есепке алынды. Оның 17-сі қатты пайдалы қазбалар, біреуі көмірсутек шикізаты, біреуі жерасты сулары бойынша анықталған.

Министрлік мәліметінше, осы кезеңде бірқатар пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары да артқан. Атап айтқанда, алтын қоры 157 210,6 келіге, күміс 9 432 тоннаға, мыс 122,7 мың тоннаға, хром рудасы 927 мың тоннаға, мырыш 171,9 мың тоннаға, қорғасын 114,8 мың тоннаға ұлғайған.

Сонымен қатар темір рудасының қоры 262 209,4 мың тоннаға, марганец 11,052 мың тоннаға, фосфор рудасы 1 338,32 мың тоннаға артқан. Мұнай қоры 199 мың тоннаға, газ 22 млрд текше метрге, ал жерасты суларының қоры тәулігіне 104,148 мың текше метрге көбейген.

Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік балансында пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлері бойынша шамамен 10 мың кен орны бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: