Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде діни мамандық талқылануда

22.11.2026, 20:00 15

HALYQLINE.KZ

Оған бастамашы болған – Оқу министірлігі.

Қоғам қызу пікір айтып жатыр.

Қоғамның бірі – мен, өз ойымды айттым:

Бізде ЖОО-да «Исламтану» деген мамандық бар. Теологтарды солар дайындайды.

Бұл – қателік.

Теология бір діннің ықпалында бола алмайды.

Жалпы, кәмелеттік жасқа жетпеген балаларға осыны оқытудың қажеттігі бар ма?

Олар мына табиғаттың дамуы мен қозғалыс заңдарын енді үйреніп жатқанда, бүтін шексіз дүние туралы дәйексіз идеомаларды қалай түсінсін?

Түсінбеген соң, олар авидьяға (жалған ой жетегінде кету, иллюзияны шындық деп қабылдау) ұрынады.

Өзара қырқысуға дейін барады…

Теология – айтқанға қызық дүние.

Және, санаға ғылым сияқты көп салмақ салмайды…

Ертегідей.

Сондықтан, бала санасы қабылдауы ауыр ғылымнан қашып, оған ұмтылады.

Бұл – табиғи физиологиялық процесс.

Адамның миы да бұлшық еті сияқты жеңіл жағын қалайды.

Сөйтіп, бала үшін теология да «өте қызықты», «өзі қалаған ілім» болып шығады.

Сол сәттен бастап баланың «инемен құдық қазғандай» ғылыммен ұштасатын нақты білімге деген құштарлығы теологиялық иллюзиямен алмасады…

Ендеше, теология мектептен кейін өзінің өмірін дін жолына бағыштаймын деген ересек, санасы толысқан жастарға оқытылуы тиіс.

Ол үшін «Нұр Мүбарак» университетін «Ислам университетінен» ТЕОЛОГИЯ АКАДЕМИЯСЫ деп өзгерту қажет.

Әрі, ол мемлекеттен бөлек, біздегі бар барлық діни басқармаларға ортақ академия болуы тиіс.

Оны қаржыландыру да сол басқармалардың мойнында тұрады.

Міне, сонда ғана ДІНДЕ НАҒЫЗ ҚҰДАЙШЫЛ АДАМДАР ҚАЛАДЫ.

Бүгінгідей сауатсыз, агрессияшыл «уағызшылар» (радикалды дін өкілдері деп жүрген) легі жойылады.

Дін мешіттерге, шіркеулерге кіреді.

Діндер өркениеттенеді.

Қоғамға қауіп төндірмейді.

Қоғам да оған оң қабақ таныта бастайды.

«Дінге мәжбүрлеу» деген өзімен-өзі жойылады…

Менің ойым – осы.

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,

философ

Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: