Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеңісті жақындатқан жаңақорғандықтар

04.05.2020, 11:04 788 1

HALYQLINE.KZ –| Осыдан 75 жыл бұрын 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына соғыс жарияламастан шабуылдады. Кеңес Одағының радиоларында «Говорить Москва» деп басталған дауыс күңіреніп, «Ұлы Отан соғысы басталды» – деген суық хабар жер-жерге тарады. Дегенмен де бұл суыт хаба, ешкімнің сағын сындырып, жігерін жасыта алмады. Елімізді жаудан азат етуге 4949 жаңақорғандық жауынгер соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды. Сол сұрапыл соғыста 2260 жерлесіміз майдан даласынан қаза тапса, 2268-і елге аман-есен оралды. 

Қанішер неміс басқыншыларымен жерлестеріміз аянбай шайқасты. Рейхстагқа жеңіс туын желбірету үшін жерлестеріміз жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Олар Сыр елінде құрылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер құрамында Отан үшін соғысты. Жаңақорғандық жауынгерлер Мәскеу мен Сталинград майданына да қатыстып, алғы шептерінде қайсарлықпен шайқасты.

Кеңес Одағының Батыры атанған 500 қазақстандықтың екеуі – жерлесіміз. Әнуар Әбутәліпов Тисса өзені бойында болған ұрыста өзеннен 47 рет қайықпен қатынап, рота жауынгерлерін әскери жабдықтарымен қоса өзеннен шығынсыз өтуін қамтамасыз еткен. Өзеннен өткен жауынгерлер шабуыл жасап, Әнуар атамыз өз пулеметінен оқ жаудырып, 18 жауды жайратты. Осындай жанқиярлық ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қиян-кескі ұрыста Александр Романовтың ротасы 104 неміс жауынгерін жер жастандырып, 118-ін тұтқынға түсіруге ат салысты. Осы ұрыста Романовтың бір өзі 19 фашисттіің көзін жойып, 15 көлік, 15 автомат, 9 станокты пулеметті қолға түсірді. Осындай ерлгі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ұлы Отан соғысына көптеген жанақорғандық азаматтар қатысып, кеуделерін оққа тосты. Гитлердің тепкісінен азат етуге Махметжан Сапарбаев, Әбсемет Мәдиев, Тұрсынқожа Шалапов, Тұрсынбек Исмайлов, Әсілбек Қошқаров, Мәткәрім Досжанов, Үрзімат Мадиев, Ерман Әйтпенбетов, К.Бегдуалиев, Ахметжан Байниязов, Абыдын Мұсабаев, Әбен Үржігітов, Нұрман Асанов, Оразбек Қашқынов, Ұзақ Өтебеков, Нәжім Жамуров, Ерман Байзақов, Нәрзілда Қалилаев, Бектас Жүсіпов, Шамшудин Изотов, Алаш Жаппасов, Төребек Сапарбаев, Қаржау Өміров, Құдабай Наурызбаев, Шәймерден Сүйіндіков, Тастемір Тілеубергенов, Мақұлбек Қасымбеков т.б. жерлестеріміз ат салысты.

Түйіндей келе зұлмат соғыс басталысымен жерлестеріміз Отан үшін қару алып майданға аттанды. Олардың қанымен, жанымен келген Жеңіс ешқашанда ұмытылмайды. Олардың өмірі біздің келешек ұрпаққа өшпес өнеге болып қалады. Өйткені, ерлік шежіресі – ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.

Қуандық  Үсенбеков,

№110 мектеп-лицей мұғалімі,

тарих магистрі

Жаңақорған  ауданы

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: