Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткісіз болашақ: қоғам үні

31.10.2026, 14:32 40

Қазіргі қоғамда адамзат алдында тұрған ең өткір мәселелердің бірі – есірткі дерті. Бұл зиянды зат тек бірадамның өмірін ғана емес, бүтіндей бір отбасының шырқын бұзып, болашағына балта шабады. 8-сынып оқушысы ретінде менің де бұл қоғамдық мәселеге қатысты өз көзқарасым мен айтар үнім бар.

Менің ойымша, «салауатты өмір салты» деген ұғым жайғана әдемі сөз емес, әрқайсымыздың саналы таңдауымыз болуы тиіс. Спортпен шұғылдану, кітап оқу, жақсы әдеттерді қалыптастыру – бұл жарқын болашаққа апараржалғыз жол. Есірткіге «жоқ» деп айту – тек өз денсаулығымызды қорғау ғана емес, сонымен қатар еліміздің ертеңі үшін жауапкершілік арқалау. Өйткені мемлекеттің мықты әрі табысты болуы саналы, дені саужастардың қолында.

Әрбір жасөспірім өз өмірінің қожайыны екенін түсінуі керек. Біз жаман әдеттерге елікпей, уақытымызды дұрыс пайдаланып, жарқын мақсаттарға ұмтылуымыз қажет. Есірткісіз өмір – бұл еркіндік, бақыт және шексізмүмкіндіктер әлемі. Болашағымызды өз қолымызбен жарқын етіп жасайық!

Рысбек Айару Азаматқызы

№41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі

8 сынып

Жетекшісі: Бектұрғанова Аида Берікболатқызы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: