Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткісіз болашақ – қоғам үні

12.11.2026, 16:00 53

Қазіргі қоғамда жас ұрпақтың денсаулығы мен жарқын болашағын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда есірткі мәселесі адамзат үшін үлкен қауіпке айналып отыр. Бұл – бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның тағдырына әсер ететін өзекті мәселе.

Менің ойымша, есірткісіз қоғам қалыптастыру әрбір азаматтың өзінен басталады. Себебі есірткі адам денсаулығын құртып қана қоймай, арман-мақсатынан айырады, отбасын ойрандап, өмірге деген үмітін сөндіреді. Бір сәттік қызығушылықтың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.

Біз, жасөспірімдер, бос уақытымызды тиімді пайдаланып, спортпен шұғылданып, білім алып, өнерге ұмтылуымыз керек. Әр адам өзінің болашағына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс. Сонымен қатар достарымызды да дұрыс таңдау жасап, жаман әдеттерге ермеуге шақыруымыз қажет.

Мен есірткісіз болашақты – дені сау ұлттың, бақытты отбасының, қауіпсіз қоғамның кепілі деп білемін. Біздің арманымыз – білімді, саналы, отансүйгіш ұрпақ болып қалыптасу.

Менің ұстанымым – есірткіге жол жоқ! Өйткені жарқын болашақ – есірткісіз өмірден басталады. Әрбір жас өз өмірін бағалап, ел ертеңіне үлес қосуы керек!

Арайлым ОРЫНТАЙ,
№ 114 орта мектептің 9-сынып оқушысы,
Қаракеткен ауылы,
Жалағаш ауданы,
Қызылорда облысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: