Қаламыздың Сол жағалауында бой көтерген Оқушылар сарайы бүгінде 700-ге жуық балаға тегін білім беріп, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол сілтейтін бірегей орталыққа айналды. Заманауи орталық Сыр өңірінің дарынды жастарына жаңа мүмкіндіктер есігін ашып, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға барлық жағдай жасап отыр. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.


Оқушылар сарайында жас өрендердің жан-жақты дамып, талантын ашу үшін бірнеше бағыт қамтылған. Атап айтқанда, балалардың заманауи технологияларды меңгеруіне арналған техноорталық, бағдарламалау, робот техникасы және өнеркәсіптік дизайн сыныптары жұмыс істейді. Сонымен қатар, табиғатты зерттеуге қызығатын оқушылар үшін экологиялық зертхана, жылыжаймен жасақталған. Шығармашылық пен өнерге жақын өрендер өз қабілеттерін телестудияда, вокал, музыкалық аспаптар, хореография және қолөнер кабинеттерінде шыңдай алады.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасында бүгінде 30 түрлі үйірме тұрақты түрде жұмыс істеуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!