Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлытаудан Сыр еліне ақ жолмен жеткен ән-сәлем

03.11.2026, 9:00 34

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында Тайжан Қалмағамбетов атындағы Ұлытау облыстық филармониясының «Ұлытаудан Сыр еліне ақ жолмен жеткен ән-сәлем» атты концерті өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Тарихи тамыры ортақ екі өңірдің рухани байланысын нығайту, ұлттық өнерді насихаттау және ел бірлігін дәріптеу мақсатында өткен қайырымдылық концертіне мәдениет және өнер қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және ардагерлер, қарттар үйінің тұрғындары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, ұстаздар қауымы және қала тұрғындары қатысты.

Өнер кешінде Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Күлбаев шығармашылық ұжымға аймақ басшысының арнайы құттықтауын жеткізіп, ықылас гүлін табыстады.

Концертте Ұлытау өңірінің өнер майталмандары көрерменге қазақтың әні мен күйін ұсынып, ұлттық өнердің мол мұрасын тарту етті. Өнер кеші Ұлытау мен Сыр елінің мәдени сабақтастығын айқындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: