Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті

20.11.2026, 8:20 20

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Қос қанатты ақын» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Бұл туралы Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ақпарат таратты.

Сөз өнерін ұлықтаған жыр додасына облыстың әр өңірінен келген ақындар қатысып, Шөмішбай Сариевтің шығармашылық мұрасын арқау еткен туындыларын ортаға салды. Қатысушылардың шығармалары көркемдік деңгейі, мазмұн тереңдігі, тіл шеберлігі, ақындық қолтаңбасы мен орындау мәнері тұрғысынан сараланды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша:

І орын — Сәния Жақып, Арал ауданы;

ІІ орын — Бексұлтан Санақұл, Қызылорда қаласы;

ІІІ орын — Шадыман Теміршеқызы, Жалағаш ауданы.

Мүшәйраға қатысқан өзге ақындарға Алғыс хаттар табысталды.

Жүлдегерлерге Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы атынан дипломдар, Алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Шөмішбай Сариевтің шығармашылық мұрасын дәріптеп, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге бағытталған жыр додасы жас ақындардың басын қосып, сөз өнеріне деген құрметті арттыра түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: