Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеке психотерапиялық көмектің негізгі ерекшеліктері

29.11.2022, 16:10 359

 HALYQLINE.KZ Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу обьектісі болып келеді. Өз тарихы мен қалай пайда болатынын, биологиялық табиғаттан, тілі және әдеттерін танып  білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы  таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психологиялық дамуының негізінде жатқан қызықшылығы  уақыт озуымен бірге өрістей түскен.

Барлық адамдардың психологиялық, психотерапиялық көмекті қажет ету мезгілі болады. Әр адамның психологиялық құрылымы қайталанбас, оның өзіне тән күшті және әлсіз жақтары болады. Әркімнің өмірдегі қиыншылық жағдайлары әр түрлі болады және де адам ұдайы мүлдем тоқтатқанша, олар мезгіл сайын қайталана беруге бейім келеді. Адам оны тоқтатуға шешім қабылдаған кезде төмендегідей әрекет жасай бастайды: психология және психотерапия бойынша кітаптарды оқиды, өз-өзімен жұмыс жасайды немесе психотерапевт көмегіне жүгінеді.

Кез келген қарым-қатынас, кез-келген тұлғааралық байланыс, қарым-қатынас жасаушы серіктестердің бір-біріне психологиялық ықпал етулерінен тұрады. Ол неден құралса да: бірлескен демалыстан немесе бірлесіп уақыт өткізуден болсын-адамдар әуесқойлық, күнделікті, әдеттегі, тіпті психология ғылымының заңдылықтарына негізделген кәсіби сипаттағы психологиялық ықпалдарды бір-бірінен жасайтыны айдан анық. Көбінесе әдеттегі мен кәсіби ықпалдар арасында белгілі бір нақты шекара болмайды, олар бір-бірін өзара алмасып, бір-бірімен қосылып, бір-бірін жетелейді. Психологиялық ықпалдың жиі кездесетін түрі-психологиялық көмек. Біздегі жоқ тұлғалық қорларды қажет ететін қайталана беретін қиын өмір жағдайлары тудыратын мәселелерге тап болған кезде, біз өз айналамыздан психологиялық көмекті іздей бастаймыз.

Психологиялық көмекті өзімізге өзіміз де жасауымызға болады, ол үшін екі есе күш шығаруымыз қажет. Біріншіден, өзіміздің қайталанбас психологиялық табиғатымызды жақсылап зерттеуіміз керек, өз-өзімізді біліп, өзіміздің әлсіз және күшті жағымызды анықтап алуымыз қажет. Бұл үшін, бір жағынан, өмірдегі қандай да бір оқиғалардың өзгеруіне қатысты өзіндік психологиялық реакцияларымызды қадағалап, өз-өзімізді ұстауды білу керек, ал екінші жағынан, мезгіл-мезгіл интроспекцияға беріле отырып, талдау жасауды үйренуіміз керек. Екіншіден, алуан түрлі психологиялық және психотерапиялық әдебиетті жай ғана оқып қоймай, сонымен қатар, алынған білімді өз-өзімізге өмірлік жеке тәжірибемізді қолдана білуіміз қажет. Кітапта қазіргі замандағы негізгі терапиялық көзқарастар, тұжырымдамалар және теориялар көрсетілген, бірақ олардың іс жүзінде қолданылуының мүмкіншілігінше ғана көрсетілген. Қандай да бір психологиялық технологияны меңгере отырып, зерттеу жүргізуді бастамас бұрын осы технология бастау алып сүйенетін негізгі теориялық алғы шарттарды қабылдап, түсініп, зерттеу керек. Сондықтан, бұл кітапта тұлға туралы, адамның психологиялық табиғаты туралы, тұлғаға психологиялық ықпал етудің мүмкін жолдары жайлы теориялық көзқарастардың баяндалуына көп көңіл бөлінген.

Алуан түрлі психотерапия технологияларына арналған көптеген еңбектерді оқыған кезде төмендегідей сауалдардың пайда болуы сөзсіз: олардың қайсысы тиімдірек? Психологиялық мәселелерді қалай тез және үйлесімді түрде шешуге болады? Ең жақсы, ең сенімді психотерапия қандай болады? Өз мәселесі өз күшімен шешуге тырысатын және осы мәселені шешудің ең қысқа жолын іздейтін клиенттер осындай сұрақтарды жиі қояды.

Мұндай сұрақтарға жауап беру үшін алдымен адамның өзі жайлы, өзінің психологиялық табиғаты жайлы өзіндік көзқарастарынан бастау керек. Өз жанын психологиялық жинақтар мен келіспеушіліктерден өрілген шырмауық деп санайтын адамға психоанализді қолдану неғұрлым нәтижелі болады. Отбасылық тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала кезіндегі қалыптасқан және адамның барлық өмір жолын фаталдық айқындайтын (досты таңдау, жұмысты, серіктесті таңдау, ауру белгілерін таңдау, өз тағдырын таңдау) кейінгі ересек өміріндегі жинағандарын зерттеп, клиент өзінің күрделі әрі қайшылықты психологиялық табиғатын түсінуді үйренеді. Танымның осындай қиын және ұзын жолы өте қызықты әрі тартымды болып көрінуі өз-өзіне, басқа адамдарға, айналасына жаңаша қарауға мәжбүр етеді. Дәлелдер мен логикалық құрылымдардың бұлжымас жүйесі арқылы өзін және өзі кіретін айналасын дәйекті зерттеп білуді машыққа айналдырған, қисыны арқылы оларды орынды түсіне алатын, ой өрісі жоғары адамдарға когнитивті терапияны ұсынуға болады. А.Эллистің 3 орынды эмоциялық терапиясының немесе А.Бектің 4 когнитивті терапиясының қағидаларын ұғынған клиент, айналасындағының барлығын неғұрлым нақты және неғұрлым дұрысырақ етіп көрсететін, ұтымды және қисынды тұрғыдан әлем көрінісін қайта құрастыра отырып, өз пікірлерін, түйсіктерін, сенімдерін реттейді. Әлемнің жаңа үлгісі өмірдегі маңызды оқиғаларды нақтырақ түсіндіруге және олардың дамуына болжам жасауға мүмкіндік береді. Осы жағдайлардағы клиент жасанды қисынды мен мазмұнды дұрыс заңдылықтар арқылы психологиялық шынайылық мұқият зерттеуші ғалымға ұқсайды.

Өз уайымдарын бақылап, талдау жасай алатын, өз жанына қарайтын сензетивті интроверттерге гештальт терапиясын кеңес етуге болады. Гештальт терапия қағидалары, шынайылылығын анықтай отырып, оның өзіндік ішкі психологиялық дүниесін толықтай әрі нақты түсініп көрсетуіне әкеледі және өзіндік табиғатымен түзу байланысқа түсуіне мүмкіндік береді. Осылайша клиент өзінің адамгершілікті қасиетін ұлғайтып дамыту мүмкіншілігіне ие болады.

Сонымен қатар, өзіне тиімдірек психотерапия технологиясын таңдау барысында адамның қажет етпейтін белгінің ерекшелігін ескеру керек. Бастапқыда депрессияларды сауықтыру мақсатында жасалған А.Бектің когнитивтік терапиясы шынымен де депрессиялық күйлер жеңіл немесе күрделі жүйке аурулары терапиясында анағұрлым қолайлы екені дәлелденді. Іс жүзінде әдебиеттегі жеке психикалық күйлер ретінде сипатталатын, психогендік және сомотагендік депрессияларды ажырату қиынға соғады. Шындығында депрессияның соматикалық, физикалық құрамдары да, когнитивтік, эмоциялық, қажетті ерік-жігер құрамдарының толық мөлшері түрінде берілетін оның психологиясының құрамды бөліктері де іс жүзінде үнемі бар болады. Психологияның осы құрамды бөліктеріне ықпал ету арқылы көбінесе, әлемнің когнитивтік көрінісін, клиенттің сенімдері мен көзқарастарының жүйесін өзгерту арқылы тіпті көрнекті депрессия күйлерді де айтарлықтай жақсартуға болады.

Қауіпті және фобиялық ауытқулар мінез-құлық психотерапиясының алуан түрлі техникалары арқылы сауықтырылады. Алаңдаушылық, әдетте, белгісіздік кезінде және ақпарат тапшылығы мен болжанбаған нәтижені күтулер барысында пайда болатыны белгілі. Шынайылықты құрастыратын, мінез-құлық терапиясы аса маңызды айнымалылардың белгілі бір мөлшерін анықтай отырып, белгісіздіктен шығуға мүмкіндік береді, осылайша қауіпті сипаттағы әр түрлі уайымдарды жояды. Дүние реттелгендей және күңгірлі емес болып көріне бастайды, адам болып жатқан оқиғаларды қадағалау қиялына бөленіп, өзін-өзі сенімді әрі бір қалыпты сезінеді. Осының салдарынан психика күйі бірыңғайланады.

Адам экзистенциалдық дағдарысқа, орта жас дағдарысына тап болып, өмірдегі шығармашылық қабілетін жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіншіліктерін іздей бастаған кезде, ең алдымен экзистенциалды психотерапия ұсынылады. Өмір дағдарысына ұшыраған кезде, жағдайдың нәтижесіз екенін, тығырыққа тірелгенін субъективті сезінуге болады. Осы кезде өмір мағынасыз әрі мазмұнсыз болып көрінеді. Кез-келген жағдайда, ең болмағанда өмір мен өлім арасында таңдау жасаудың сөзсіз болатындығын және жасалған таңдауды өз жауапкершілігіне алатындығын меңзейтін экзистенциалды терапия тұлғаның кемелденуін көтеруге бағытталған. Адамның қиын-қыстау сәті-бұл оның өсуі мен тұлғалық даму сәті. Әрбір дағдарысты кезең қаншалықты үмітсіз және лажсыз болып көрінсе де, аса мағынасыз және аса қатыгез жағдайға мағына беруде жүзеге асатын аса зор шығармашылық қабілетке ие болады.

Экзистенциалды терапия мазмұн-мағынаға бағытталған. Әдетте адам баласы өзінің бақыты үшін жаралғанына, бұл өмірге рақаттанып ләззәт алуға келгеніне сенімді болады. Алайда, бұл қиял оны реніш пен депрессияға әкеліп соғады, өйткені өмірде қуанышты, бақытты сәттергет қарағанда жағымсыз, келеңсіз сәттер әлдеқайда көп кездеседі. «Өмірдің мағынасы неде?». Бұл сұрақ бәрінен бұрын біздің өзімізге арналады, біз оған өз өмірімізбен, өз жетістіктерімізбен, табыстарымызбен, ұтылыстарымызбен, сәтсіздіктерімізбен жауап қайтаруымыз тиіс. Өмір қиыншылығы өзінше бір тағдыр сыйы, бұл төзімділікті, өз шығармашылық қабілетін толықтай ашып көрсету мүмкіншілігін сынау сәттері.

Психологиялық мәселе мен тұлғааралық келіспеушілік өршіген кезде, яғни дағдарыс кезеңінде, адамға мұндай жағдайдан шығып, оған бөгде бақылаушының көзімен сырттан қарау, оны қалай да болмасын объективті бағалау және неғұрлым дұрыс шешім қабылдау қиын болады. Әдетте, біз өмір қиыншылықтарын бастан кеше отырып, кейде тіпті «ақыл-ой әрекетін ашумен білдіру» жайлы айтатындай күшті эмоциялық әсерде боламыз. Эмоциялар басым болған кездегі болып жатқан оқиғалардың мағынасын объективті және дұрыс бағалау қабілеттілігі айтарлықтай әлсірейді. Сондықтан, эмоциясы басым, қабілетті клиент психологиялық көмекке жүгінеді.

Психологиялық көмек дегеніміз-екінші бір адамға оның психикалық күйі жайлы қандай да бір психологиялық негіздердің немесе патопсихологиялық белгілердің пайда болу механизмдері мен себептері жайлы мәлімет беріп, жеке адамның психикалық өмірін үйлесімді ету, әлеуметтік ортасына бейімдеу, патопсихологиялық белгілерді анықтау және тұлғаны қалыпқа келтіру мақсатында адамға нақты психологиялық ықпал жасауды білдіреді. Психологиялық көмек әр түрлі психикалық жүйке ауытқулары бар адамдарға, сондай-ақ, өмірдің қиыншылығына, дағдарысқа, дау-дамайға, күйзеліске душар болған қалыпты адамдарға да көрсетіледі.

Кәсіби ықпал, әдетте, нәтижелірек болады. Өйткені ол тиісті мақсаттар мен міндеттерге сәйкес психологиялық ықпал ету әдістері мен амалдар таңдаудағы белгілі бір ұйымдасқандығымен ерекшеленеді. Кәсіби емес психологиялық ықпал да қатынастағы серіктес эмоциясының маңыздылығы басым болғанда, жан ұшыру қатынас үрдісі күшейген кезде нәтижелі болады. Кәсіби емес психологиялық ықпалдың мақсаттары мен міндеттерге неғұрлым сәйкес келетін ықпал түрлері мен әдістері дұрыс таңдалмаса, әдетте, мұндай ықпал көптеген жағдайларда апаттылық сипат алып, белгісіз нәтижеге әкеліп соғады. Ол көбінесе кездейсоқ болып, басқаруға көнбейді. Кәсіби емес психологиялық ықпал біздің жақын және біз үшін қымбат адамдармен, жай таныстарымызбен қатынас жасауымызда орын алады, қатынас барысында жеке адам ерекшелігінің бейнесі ретінде білінеді.

Білімді, ақыл-ойы дамыған, қалыптасқан, кемеліне келген белгілі бір өмірлік ұстанымы мен өмір мақсаттары мен құндылықтарының қисынды тұрғыда жасалған жүйесі бар адамдар, әдетте айналасындағыларға анағұрлым көрнекі ықпал ете алады. Олар аса зор апаттылық психотерапиялық қабілетке ие, сондықтан олар психологиялық көмекті, кеңесті, өмірдің қиын сәтінде қолдау көрсетуді қажет ететін адамдар ішінде танымал болады. Психологиялық көмек көрсету дегеніміз-адамның жеке психологиялық ерекшеліктері мен психикалық мәртебесіне жасалған, ғылыми талдауға негізделген тәжірибелі психологтың терапиялық ізденістерінің іс жүзінде жүзеге асырылуы.

Алайда, кәсіби де, кәсіби емес те психологиялық ықпалдар бірдей әдістерді, бірдей түрлерді пайдаланады:

– жекелей және топқа ықпал ету;

– мәселені шешуге қажетті маңызды мәліметтерді пайдаланып, логика заңдылықтарына сүйеніп ақыл-ойға ықпал ету;

– басқа адамның психологиялық мәселелеріне араласудың, көңіл білдіруі мен эмоциялық қолдаудың техникаларын қолдана отырып эмоцияға ықпал ету;

– екінші бір адамды мінез-құлықтың тиімдірек үлгілері мен жауап қайтару дағдыларына үйретіп, оларды пайдалану.

Кез-келген психологиялық ықпал кәсіби де, кәсіби емес те эмоция, күш-жігер, мінез-құлық, ақыл-ой құрамынан құралады.Бірақ, мұндай эмоция, мінез-құлық ақыл-ой құрамдары кәсіби емес ықпал ету кезінде таңдалып алынып, кездейсоқ және аяқасты болса, кәсіби психологиялық ықпал ету барысында олар оның мақсаттары мен міндеттеріне байланысты белгілі бір мөлшерде ғана болып, тепе-теңдікті сақтайды.

Сонымен қатар, психологиялық ықпал адамдардың психологиялық ерекшеліктері жайлы көзқарастардан, адам мінез-құлқы мен тұлғасы туралы белгілі бір теориядан құралатын жүйе түрінде кәсіби ықпалға теориялық негіз болады. Ықпалдың қисынды дәлелденген теориялық негізі болса, онда ол мақсатты, ұйымдасқан болып, оқиғаларға дұрыс түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың дамуын болжайды.Адамның психологиялық табиғаты туралы мұндай теориялық көзқарастар саны шектеулі, олардың әрқайсысына белгілі бір ықпал ету әдістері тән болады.

Психологиялық кеңес беру, психологиялық кемшілікті түзету және психотерапия кәсіби психологиялық ықпалдарға жатады.

Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты-тұлға ұстанымын, дүниетанымын, адам тіршілігінің маңызды және маңызды емес жақтарына, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру, құндылықтар ирархиясын құрастыру. Психологиялық кемшілікті түзету дегеніміз-жеке адамға қолайлы және адамның қоғамға бейімделуі мен оның тұлғалық тұрғыдан кемелденуінің алғы шарты болатын оның психикалық іс-әрекетінің саулығын сақтап қалуға тиімді дағдыларды қалыптастыру және меңгеру.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Основы психотерапий  Л.Ф.Бурлачук.

2. Современная психотерапия  А.А.Александров.

3. Психология және психотерапия.    Ж.Ы.Намазбаева  Алматы, 2006 ж.

4. Жалпы психологияға кіріспе С.М.Жақыпов  Алматы 2007ж.

Ж.Досаева,

ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы

орталығы» ММ Қызылорда облысы

бойынша филиалы психологы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: