Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

31.10.2026, 14:24 33

Бүгін Қазалы ауданында «Алтын күз – 2026» мерекесіне орай ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мерекелік шарамен жалғасты.

Аудан орталығында ұйымдастырылған жәрмеңке басында арнайы сахна құрылып, аудан өнерпаздары жәрмеңкеге келушілерге концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мерекелік шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын берекелі күздің молшылық мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Аудан басшысы өз сөзінде елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан халық игілігіне бағытталған реформалар жайында, өңірімізді төрт жылдан астам уақыт басқарған, бүгінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып отырған Нұрлыбек Машбекұлының және облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қолдауымен ауданда әрбір салада атқырылып жатқан игі жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында атап өтіп, мұның барлығы қазыналы Қазалы халқының ауызбіршілігінің арқасында жасалып жатқан игі істер екенін жеткізді.

Бұдан кейін ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген және «Алтын күз – 2026» мерекесі аясында Қызылорда қаласында өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан бірқатар азаматтарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, молшылық мерекесінің сәнін кіргізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: