Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғандықтар қандай ұсыныс айтты?

20.11.2026, 15:20 42

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаевтың жұртшылықпен кездесуі, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдауы Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде одан әрі жалғасты. Қабылдауда 50-ден астам азамат өтініш-тілектерін жеткізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Тұрғындар спорт кешендерін салу, электр желілерін жаңарту, каналдарды бетондау, жол жөндеу, елді мекендерді газдандыруға, т.б. қатысты ұсыныстарын айтты.

Қабылдауға келушілерге көтерілген мәселелердің шешімі заң аясында қарастырылатыны, жауапты құзырлы орган басшыларына тапсырмалар беріліп, оның орындалуы қатаң бақылауға алынатыны түсіндірілді.

Мәселен, Бірлік ауылының тұрғыны Ш.Нарынбаев көшесін асфальттау мәселесін көтерді. Бұл көшені орташа жөндеудің жоба-сметалық құжаттамасына биыл жергілікті бюджеттен 3,6 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Ал Жаңаарық ауылының тұрғыны «Р-22» каналын бетондау мәселесін қозғады. Ұзындығы 12,693 шақырым каналды бетондауға қажетті құжаттама биыл демеушілік қаражат есебінен әзірленіп, оң қорытынды берілген. Құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалатын қаражат республикалық бюджет есебінен қолдау тауып, оны қаржыландыру алдағы жылдың жоспарына енгізілген.

Құқық қорғау органдары басшылары қабылдауға келген тұрғындарға мәселелерінің заңдық шешімі туралы кеңес беріп, жан-жақты түсіндірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: