Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Студенттер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің кездесуі өтті

20.11.2026, 12:10 87

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі» тақырыбында студенттер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің кездесуі өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен жиынға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Әбдімәуленұлы бастаған сала мамандары қатысып, студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірді.

Кездесуде буллинг пен бопсалау, есірткі және психотроптық заттардың таралуы, дропперлік, интернет-алаяқтық, есірткі саудасына тарту және топтық төбелес мәселелері кеңінен қозғалды. Мамандар жастарды жеңіл табысқа жетелейтін жалған ұсыныстардан сақ болуға, жеке деректерін қорғауға және заңсыз әрекеттерге араласпауға шақырды.

Университеттің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев білім ордасында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға бағытталған бір айлық іс-шаралар өтіп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда университетте 11 384 білім алушы бар. Осыған орай жастардың құқықтық сауатын арттыру мен қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Кездесу соңында студенттер құқық қорғау органдарының өкілдеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: