Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚР ОСК төрағасы Қызылорда облысына келді

20.11.2026, 11:30 97

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров инспекциялық сапар аясында Қызылорда облысында болып, 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысымен танысты.

Облыстық «Сайлау үйі» ғимаратында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының, облыстық және қалалық аумақтық сайлау комиссиялары өкілдерінің қатысуымен алдағы сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кеңесте сайлау науқанының негізгі кезеңдерін заңнама талаптарына сәйкес өткізу, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау, азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруына қажетті жағдай жасау және мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Нұрлан Әбдіров сайлау процесінің заңдылығы, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етудің, барлық саяси партиялар мен кандидаттарға тең жағдай жасаудың, сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметінде заңнама нормаларын бірізді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: