Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көздің көру қабілетін қалай жақсартамын?

25.04.2020, 16:54 1979

HALYQLINE.KZ –| Көздің көру қабілетін жақсартудың жолы көп. Пайдалы тағам, витаминдер ішіп, массаж жасауға болады.

Көзге пайдалы тағамдар

Көзге ең пайдалы көкөніс – сәбіз. Оның құрамында көздің көруін жақсартатын бета-керотин, А витамині көп. Бета-керотин, әсіресе, түнде көруін жақсартады.

Сәбізден кейінгі азық – қаражидек. Қара жемістің құрамында В және С витаминдері мол. Қаражидек, әсіресе, компьютердің алдында ұзақ жұмыс істейтін адамдарға аса қажет. Қаржидекпен бірге көк шөп, цитрус жемістер, балық қосып жеуге болады. Көк шөпте С, В және А витаминдері мол. Ал, цитруста С витамині көп әрі көздің өзегін жақсартады. Балықта минералдарға бай Омега-3 қосындысы бар.

Қаражидектің өзін таба алмасаңыз, қаражидек қосылған дәрі-дәрмектерді, шөп шайды алсаңыз болады. Көзге бета-керотині көп асқабақ, құрма, манго, итмұрын, авокадоның да пайдасы бар.

Халық емі

Көздің көру қабілетін жақсартудың мынадай да жолы бар:

1. Бал қосылған шайды көзге тамызу. Шай суыған соң тамызған дұрыс. 5 тамшы жетеді.

2. Фенхельді қара шайға қосып суытып, шүберекке орап көзге басқан жақсы.

3. Таңқурайдың қайнатпасы. Қайнатқан соң екі сағаттан кейін ішіңіз. Күніне үш рет бір-бір стақаннан.

4. Қалақайдың жапырағын салатқа қосып жеңіз немесе тұнба ретінде дайындасаңыз да болады

(Массагет.kz сайтының деректері пайдаланылды.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: