Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәрумендер және олардың маңызы

22.08.2022, 11:30 1336

Дәрумендер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерiн ғана пайдаланады. Бiрақ дәруменсiз бiздiң ағзамыздағы мүшелердiң қалыпты жұмыс iстеуi мүмкiн емес. Дәрумендер организмнiң тiршiлiк қабiлетi үшiн қажеттi зат, ол адамның дене және ой еңбегiн арттырады, оның өсуi мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етедi.

Тағам құрамында витаминдер жеткiлiксiз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсiмдiк пен жануар өнiмдерiнен алынатын азық – түлiктерде болады. Адам әр түрлi тағам iшу арқылы өзiне қажеттi витаминдi алып отырады. Витаминдердi латын алфавитiнiң бас әрiптерiмен белгiленiп,физикалық-химиялық қасиеттерiне қарай 2 топқа бөледi: 1) суда еритiндер (С,Р,РР, және В тобының витаминдерi); 2) майда еритiндер (А,Д,К,Е) А витамины (ретинол) организмнiң өсуiне және дамып, жетiлуiне әсерiн тигiзедi.

А витамині жетiспесе , адам қараңғыда көзi көрмейтiн ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнiң қорғаныш қасиетiн арттырады, көздiң көргiштiгiн жақсартады, терiде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық бауырында, теңiз алабұғасында, сары майда, сәбiзде, қызанақта, т.б. болады.

В витаминiнiң түрлерi өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдерi зат алмасу, көптеген ферменттiк реакцияларды реттейдi. В1 витаминiнiң (тиамин) жетiспеуi сал ауруы (бери-бери ), жүрек ауруына шалдықтырады. В 2 (рибофлавин) жасушаның энергия алмасуын реттейдi. Егер жетiспесе көз жанарының бұзылуына әкелiп соқтырады. В 6 (пиридоксин)- нәруызбен майлар алмасуына қажет. В12 (цианокобаламин) витаминi жiлiк майында қызыл қан түйiршiктерiнiң жетiлiп, қанға түсуiне және оттектi тасымалдауға әсер етедi. Бұл витамин жеткiлiксiз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В15 витаминi – жүрек қантамырларының жұмысына әсер етедi.

С витаминi (аскорбин қышқылы) организмнiң түрлi жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тiстiң мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбiрек қажет. Бұл витамин организмде жеткiлiктi болу үшiн – көкөнiс пен жемiс – жидектердi , ашыған қырыққабатты тағамға көбiрек пайдаланған жөн.

Д витаминi (кальциферол)организмде күн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Бұл витаминнiң жетiспеуiнен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда – баланың ұйқысы нашарлап , қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектерi қисайып, басы мен iшi үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшiн бала таза ауада, күншуақта көбiрек серуендеуі керек. Бiздiң дәрi –дәрмек шығаратын өндiрiстерiмiз тәттi қабықпен қапталған дайын витаминдер жасайды. Бiрақ витаминдердi науқас және сау адамдарға дәрiгердiң рұқсатынсыз өз бетiмен iшуге болмайды. Витаминдi дұрыс пайдаланбай, мөлшерден көп пайдаланса, әр түрлi дертке шалдығып, денсаулыққа зиян келтiруi мүмкiн.

К витаминi қанның құрамындағы қан ұюға қатысатын заттарға әсерiн тигiзедi. Сондықтан бұл витамин жетiспегенде – жарақаттанған адамның қаны ұйымай , қан көп кетедi. К витаминi қырыққабатта, қызанақта және бауырда болады. Оны iшектегi микроорганизмдер түзедi.

Тамақта витаминдердiң сақталуы

Тамақты сақтағанда және өңдегенде витаминдер бұзылады. С витаминi бұзылмай сақталуы үшiн – жемiстер мен көкөнiстердiң қабығын өте жұқа етiп аршу керек. Көкөнiстердi пiсiру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседi. Қабығы аршылған картопты қарайып кетпеу үшiн суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе iшi тефлонмен жабылған ыдыста дайындайды. Көкөнiстi қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пiсiредi. Бұл кезде судың көлемiнiң аз болғаны жөн. Пiскен тамақта витаминдердiң бұзылмай сақталуы қажет.

Мейрамкүл Мақсатбаева,

Қазалы ауданаралық ауруханасының

дәріхана провизоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: