Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Компания қызметкерлерінің 99 пайызы вакцина салдырған

20.08.2021, 12:45 489

HALYQLINE.KZ Қазақстанда уран өндіруші компанияларды күкірт қышқылымен қамтамасыз ететін қызылордалық «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 260 адам жұмыс істейді. Бүгінде компанияның 3 қызметкері ғана денсаулық жағдайына байланысты әзірге екпе салдырмаған.

Компанияның өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас техникалық жетекшісі Дүйсен Шардарбеков үзіліссіз жұмыс істеп тұрған күкірт қышқылы зауыты қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін екпеге қатысты шаралардың кең ауқымда және кешенді жүргізілгенін атап өтті.

«Екпе шаралары басталған алғашқы уақытта санитарлық-эпидемиологиялық саланың мамандарын зауытқа арнайы шақырттық. Әрине, бастапқыда бәріміздің де сұрағымыз көп болды. Мамандардың кеңесінен кейін жұмысшылар біртіндеп екпе ала бастады», – деді «СКЗ-U» ЖШС маманы Дүйсен Шардарбеков.

Компания сала мамандарының кеңесінен бөлек, екпе алған әр қызметкерге екі күн демалыс, сондай-ақ 15 000 теңге сыйақы берген.

Бұдан басқа, әртүрлі номинация тағайындап, заттай сыйлықтар да табысталған. Тіпті зауыттағы қызметкерлер «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген ұранмен өзара жарыс ұйымдастырып, толықекпе алған бөлімдер де болған.

«Мұндай шаралар қызметкерлерімізді ынталандыру үшін жасалды. Мамандарымызға ыңғайлы болу үшін медицина қызметкерлері екпені зауытқа келіп салды. Жұмысшыларға тағы бір тиімді тұсы – олардың алдында бірінші компонентін жұмыста, екіншісін өзге жерде аламын деген мәселе болған жоқ. Себебі вахталық әдіспен бір ай жұмыс істегендіктенекі компонентті де бір жерден алды», – деді компания маманы.

Бүгінде «СКЗ-U» ЖШС-да жұмыс істейтін 260 қызметкердің 257-сі бірінші компонентін, 253-і екінші компонентін салдырған. Ал қалған үш қызметкергедәрігерлерденсаулығына байланыстыәзірге рұқсат бермей отыр.

«Олар денсаулығы жақсарған соң алатынын айтты. Жалпы қызметкерлеріміз өздерінің ғана емес ұжымдастарының, сондай-ақ туған-туыстарының денсаулығы үшін екпе алудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Екпе алуда белсенді болуы да осы азаматтық ұстанымын көрсетеді», – дейді компанияның өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас техникалық жетекшісі Дүйсен Шардарбеков.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов ұжымдар арасында аталмыш мәселеге қатысты түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінге дейін облыста кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтін 14 мыңға жуық азамат екпе алған.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: