Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш ауданындағы балабақша ғимаратында азық-түлік дүкені жұмыс істеген

11.05.2023, 10:05 413

HALYQLINE.KZ Балабақшадағы дүкен Жалағаш ауданының Ақыр ауылында жұмыс істеген. Жергілікті тұрғынның арызынан кейін балабақшада тексеру жүргізілді. Жекеменшік балабақша иесіне 793 500 теңге айыппұл салынғаны хабарланды.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округіндегі балабақша әрқайсысы 20 балаға есептелген екі ғимараттан тұрады. «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі филиалының меңгерушісі Ләззат Бақтыбаеваның айтуынша, шағым негізінде балабақшаға мониторинг жүргізілген.

  • – Осы мектепке дейінгі мекемеде жүргізілген мониторинг барысында мен бір ғимаратта балалар барын анықтадым, ал екіншісінде тұрғын үй мен дүкен болды. Бірақ кейінірек санитарлық мекеме қызметкерлері және эпидемиологиялық бақылау бөлімі өкілдері тексеруге келгенде, дүкен орналасқан ғимараттың бір бөлмесінде балалардың отырғанын, ал екінші бөлігінде азық-түлік дүкені бары анықталды, – деді Бақтыбаева.

Бұл заңбұзушылықтардан кейін «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына, экономикалық тергеу бөліміне және Қызылорда облысының білім басқармасына хаттар жолдады.

  • – Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері кәсіпкерге 793 500 теңге айыппұл салды. Экономикалық тергеу департаменті Қызылорда қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат жолдап, тексеру басталды, департамент тарапынан мониторинг тобы құрылды. Өңірдегі білім саласы мен балабақшалар бақылауда , – деді «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: