Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тосынсый: шынайы күлімдеген жүздер

05.03.2021, 16:50 936

HALYQLINE.KZ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов шұғылалы көктемнің мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қала тазалығын қамтамасыз етуде мүлтіксіз қызмет етіп жүрген нәзік жандыларды мерекемен құттықтап барды.

Кез келген әйел затын қуанышқа бөлейтін мерекенің басты символы саналатын гүл ұсынып, тосынсый жасады.

Қала әкімінің орынбасары еңбектің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген тазалық сақшыларына қала әкімінің алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов халықаралық әйелдер күніне орай кәсіпкерлік және медицина саласында еселі еңбегімен ерекшеленген бірқатар нәзік жандарды қабылдап, қала әкімінің мерекелік құттықтауын жеткізді.

Айтулы мереке қарсаңында Бектас Балғабайұлы табысты қызмет етіп жүрген аруларды қала әкімінің алғыс хатымен мараттап, ел өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектеріміздің еңбектерінің жемісі молая беруін тіледі.

Шара барысында Бектас Балғабайұлы «Хикмет» қайырымдылық қорына қала әкімінің арнайы алғысын жеткізіп, қайырымдылықтыңшынайы үлгісін көрсетіп, аз қамтамасыз етілген отбасылардың қуанышын еселеуде ұйытқы болып жүрген азаматтардың еңбегін ерекше атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: