Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көпбалалы ана эпоксиді шайырдан түрлі өнім жасап шығаруда

05.11.2022, 12:00 644

HALYQLINE.KZ «Табиғат – ең кемел жаратушы. Оның әр салған суреті, әр пішіні ерекше. Дизайнерлер мұны шебер пайдалана отырып, тазартылған немесе жоғары технологиялық интерьерлерді табиғи күйіне мүмкіндігінше жақын нысандармен толықтырады.

Бұл арада кез келген адам кәдімгі ағаштан, діңгектен, бұтақтан қайталанбас шынайы сұлулықты көре алады, оны өз қолдарымен шебер көресете алады. Ағаштың бойлық немесе көлденең кесіндісінен жасалған үлкен немесе кішкентай үстел сіздің өмір сүру кеңістігіңіздің ерекшелігі болады. Бүгінгі кейіпкеріміз – жеке кәсіпкер Жұлдыз Өмірғалиева. Мемлекеттік “Бизнестің жол картасы-2025” бағдарламасының аясында қайтарымсыз грант иегері атанды. Бұл жобаның ерекшелігі – эпоксид шайыры мен ағаштан үстел, картина, сағат жасайды» деп жазады Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметі.

Эпоксидті шайыр – әртүрлі мақсаттарда қолданылатын материал. Электроникадан бастап салқын DIY жобаларына дейін бұл барлық жерде қажет. Егер жылтыр өзен үстелін жасау қажет болса, сізге бұл эпоксидті шайыр қажет. Бұл шайырды бөлектегіңіз келетін кез келген бетке мөлдір қабат ретінде қосу керек.

Бұл өнімнің кең қолданысқа ие және шайыр сонымен қатар қатырғыш қоспасынан тұрады. Өндірісте кеңінен қолданысқа ие бұл материалдан үстел, сағат, картина, ыдыс жасауға болады. Қазіргі таңда кәсіпкер осы салада бір жылға жуық жұмыс істеп, көптеген тапсырыстар орындады. Қарамағында бір жұмысшы шебері бар. Жастарға үйретіп шеберлік сағаттарын да өткізіп жүр. Осы уақытқа дейін ірілі ұсақты 500 ден аса тапсырыс орындады. Қайтарымсыз грант қаражатына Алматы қаласынан станок JKM-300, одан бөлек бірнеше ағашқа арналған аралар, лобзик деген заттар алынды. Эпоксидпен қатар декоративті заттар – бояғыштар, пигмент, жылтыр өң беретін заттар қолдануда.

– Эпоксид шайырымен жұмыс шет елдерде қарқынды дамығаны соншалық жылдан жылға эпоксид өнімдеріне сұраныс артып, тауар айналымы кеңеюде. Қазақстанға келгеніне не бәрі 2 жыл ғана уақыт болды, дегенмен бізде де өте жақсы дамуда. Қызылорда қаласына алғаш болып осы саланы әкеліп, қызығушылығы бар жастарға үйрете бастағаныма қуаныштымын, – деді Ж.Өмірғалиева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: