Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иранда Трамптың табытта жатқан алып плакаты пайда болды

18.07.2026, 10:40 22

HALYQLINE.KZ

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Тегеран қаласының орталығында АҚШ Президенті Дональд Трамптың табыттағы бейнесі көрсетілген алып насихат плакаты орнатылды. Плакатта парсы және ағылшын тілдерінде «Біз Трампты өлтіреміз» деген жазу көрсетілген.

Мәліметтерге сәйкес, Иранда Дональд Трампқа қарсы кек алу туралы үндеулер елдің рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін күшейген. Ақпаратта Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылдарының басында Тегерандағы резиденциясында көз жұмғаны айтылады. Иран билігі оны «шейіт» ретінде дәріптеп, оның өлімін саяси әрі идеологиялық мақсатта пайдаланып жатқаны айтылуда.

Соған қарамастан, АҚШ пен Иран арасындағы дипломатиялық байланыстар толық үзілген жоқ. Соңғы күндері екі тарап бір-біріне зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуыл жасағанымен, 16 шілдеде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Иранның АҚШ-пен байланысын жалғастырып отырғанын мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, Иранмен арадағы қақтығыс Дональд Трамп үшін күрделі стратегиялық сынаққа айналып отыр. Бір жағынан, АҚШ президенті өзіне бағытталған қоқан-лоққыларға жауапсыз қала алмайды. Екінші жағынан, ел ішіндегі саяси жағдайды ескере отырып, ол күзде өтетін аралық сайлау қарсаңында қақтығысты ушықтырмай, оны мүмкіндігінше тезірек аяқтауға мүдделі.

Ал кейбір сарапшылар Иран басшылығы осы жағдайды келіссөздер барысында өз ұстанымын күшейту және келіссөздердегі мүмкіндіктерін кеңейту үшін пайдалануы ықтимал екенін алға тартады.

Фото: BILD

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: