Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сала мамандары марапатталды

24.12.2025, 8:35 46

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданындағы «Руханият» орталығында 22 желтоқсан – Архившілер күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, архив саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ архив қызметкерлерінің тарихи құндылықтарды сақтау мен келер ұрпаққа жеткізудегі маңызды рөлін атап өтіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабылдау барысында сала мамандары көпжылдық еңбегі мен архив ісін дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Айта кету керек, 2024 жылы аймақ басшысының қолдауымен ауданымызда «Руханият» орталығы бой көтеріп, аудандық архив жаңа әрі заманауи ғимаратқа көшірілді. Осы жүйелі жұмыс нәтижесінде саланың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап республика көлемінде енгізілген «Е-Архив» ақпараттық жүйесі бүгінде ауданымызда кеңінен қолданылуда. Қазіргі уақытта бұл жүйе арқылы 26 мемлекеттік мекеме өз жұмысын жүргізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: