Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұстафа Өзтүріктің еш жерде жарияланбаған видеосы тарады

19.08.2025, 16:40 210

Әлеуметтік желіде таеквондо аңызы Мұстафа Өзтүріктің бұрын-соңды жарияланбаған бейнематериалы таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп жазады halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Facebook-тегі Qazaqstan tarihy парақшасында жарияланған видеода әйгілі спортшы өзінің таеквондодағы дара шеберлігін паш етіп, көрген жұртты тәнті етті.

Желі қолданушылары бейнеролик астына жүрекжарды пікірлер қалдырып, сағынышқа толы естеліктер жазған:

«Ғажайып өнер», «Арыстандай айбатты ер еді», «Ұлттық батыр деңгейіне көтерілген тұлға», «Маңдайға сыймай кеткен асыл ер», «Ел үшін еңіреген ер еді».

Мұстафа Өзтүрік (Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман) – таеквондодан қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы әрі Қазақстанға осы спорт түрін алғаш әкелген бірегей тұлға. Ол Түркияда дүниеге келіп, Тайваньда білім алды, Еуропада бірнеше таеквондо мектебін ашты. 1990 жылдары тарихи Отанына оралып, қазақ жерінде бұл спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның шәкірттері алғаш рет қазақ туын халықаралық ареналарда көтерген еді.

Өкінішке қарай, 1995 жылы Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тауып, Ыстамбұлда жерленді.

https://www.facebook.com/watch/?v=1111525864456949

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: