Еліміздегі айшықты мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні аймағымызда 44 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Тәулік ішінде дүниеге келгендердің 24-i қыз бала болса, 20-сы – ұл бала. Оның ішінде бiреуi – егiз нәресте.
Қазіргі таңда барлық сәби мен аналарының жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында.
Мереке күні дүниеге келген балалардың болашақта еліміздің мақтанышына айналар ұл-қыздары болып өсулеріне тілектеспіз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!