Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пушкин қандай адам болған?

20.01.2024, 8:00 388

HALYQLINE.KZ

А.С.Пушкин (1799-1837) ұлы ақын болуымен қатар, ең алымен екі аяқты пенде ретінде жаман әдеттерге үйір болды.

1. Пушкин қатынқұмар болды. Лицейде оқып жүргенде 14 жасынан бастап жезөкшелер үйіне тұрақты барып тұрды. Сұлу қыз Наталья Гончароваға үйленгеннен кейін де, жын-ойнақ притонға баруын тоқтатқан жоқ. 1829 жылы Пушкин өзінің Дон Жуандық тізімін жасағанда, 37 көңілдес әйелі болған екен (өзі де 37 жасында өледі). Олардың қатарында Екатерина Бакунина, Анна Керн, Аглая Давыдова, т.б. болып, оларға махаббат туралы лирикасын арнап жазғаны белгілі. Ал, Наталья Гончароваға үйленгенде, оны «113-ші (тағы да қатерлі сан 13) махаббатым» деп жазып кетті. Пушкин өзінің имениесіндегі басыбайлы шаруалардың қыздарын да зорлықпен көндіреді, олардан артында балалары да қалған дегенді оқығанмын.

2. Пушкин картақұмар болды. Замандастары қалдырып кеткен бір естелікте Пушкин бір ойын үстінде 24 800 рубль ұтылған екен. І Николай кезінде бұл – өте көп ақша, сол кезде базарда 1 сиыр 3 рубль болған. Имениесіндегі басыбайлы, яғни крепостник шаруаларын да картаға тігіп жіберетін кезі де болған. Дантеспен дуэльге шығып алған жарақатынан өліп кеткен кезде, артында 138 000 рубль қарызы қалған, оның 94 000 рублін картадан ұтылған еді. Ұлы ақын о дүниеге қарызы болмай кетсін деп, І Николай патша бар қарызын төлеп құтылған.

3. Пушкин бәкене бойлы 166 см болған, әйелі Наталья күйеуінен 10 см ұзын болған. Бойының аласа екенін білдірмеу үшін басына 24 см цилиндр қалпақ киіп жүрген. Ал, қонақта цилиндр қалпағын шешіп қойғандықтан әйелінің қасына жоламай еркектермен арақ ішіп, карта ойнаған. Наталья болса әйелдермен әңгіме-дүкен құрып қайтатын болған.

4. Пушкиннің мінезі шатақ, яғни құтыршақ болған, осы шырт мінезінің кесірінен 29 адамды дуэльге шақырған (тізімі менде бар). Өзара келіскен соң болмай қалғандары да бар. Дуэльде тапанша ұстаған қолы қалтырамас үшін, қолынан салмағы 16 кило темір трост таяқты тастамағанмен, Дантес атқан оқтан өлімші болып жараланып, қайтыс болды.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: