Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рейд жұмыстары жалғасуда

01.11.2026, 10:01 22

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Рейдтік топ қаладағы ойын-сауық орындарын, кафе-барлар мен сауда нысандарын аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуын, кәсіпкерлік нысандарында заң талаптарының орындалуын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді назарға алды.

Аралау барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатпау, алкоголь өнімдерін өткізу тәртібін сақтау және кальян ұсынуға қатысты заң талаптарының орындалуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне баса назар аударылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: