Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республикалық турнир қорытындыланды

31.10.2026, 17:34 24

Арал ауданында даңқты батыр Сартай Байжанұлының 315 жылдық мерейтойына орай 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен өткен республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті.

Боз кілемде еліміздің әр өңірінен келген жас балуандар бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Тартысты бәсеке нәтижесінде төмендегі спортшылар жүлделі орындарға ие болды.

20 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Батырхан Алдияр (Аманөткел ауылы);
ІІ орын – Роман Абдурахман (Ембі қаласы).

23 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Жақсыбекұлы Мейіржан (Ақтөбе қаласы);
ІІ орын – Тенел Мади (Жаңаөзен қаласы);
ІІІ орын – Әли Нұрмұхаммед (Арал қаласы);
ІІІ орын – Жанабылов Айдар (Арал қаласы).

26 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Айболатұлы Ақниет (Шижаға ауылы);
ІІ орын – Қосылбай Нұран (Кентау қаласы);
ІІІ орын – Қуандық Сұңғат (Арал қаласы);
ІІІ орын – Роман Абдурахим (Ембі қаласы).

29 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Аңсатұлы Аңсар (Қызылорда қаласы);
ІІ орын – Қойлыбай Саян (Ақтөбе қаласы);
ІІІ орын – Төреахмет Алдияр (Аманөткел ауылы);
ІІІ орын – Таңатаров Мухаммедали (Ақтөбе қаласы).

32 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Мейрамбек Раян (Шардара қаласы);
ІІ орын – Баубек Нұрасыл (Шижаға ауылы);
ІІІ орын – Ерболсын Арсен (Қызылорда қаласы);
ІІІ орын – Күнтуар Бекнұр (Сазды ауылы).

35 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Құттыбаев Саян (Кентау қаласы);
ІІ орын – Роман Әли (Ембі қаласы);
ІІІ орын – Батырхан Әлихан (Аманөткел ауылы);
ІІІ орын – Әлжан Нариман (Арал қаласы).

38 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Аманқос Санжар (Қамыстыбас ауылы);
ІІ орын – Хамза Бағдат (Қамыстыбас ауылы);
ІІІ орын – Болат Аян (Алға қаласы);
ІІІ орын – Жеңісұлы Нұрислам (Аманөткел ауылы).

41 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Саламатұлы Сулейман (Атырау қаласы);
ІІ орын – Асыланұлы Әбубәкір (Ақтөбе қаласы);
ІІІ орын – Абдымутали Нұртас (Шардара қаласы);
ІІІ орын – Мырзабекұлы Мұханбетәли.

45 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Төлеген Дамир (Ақтөбе қаласы);
ІІ орын – Қожабай Нұрдәулет (Сазды ауылы);
ІІІ орын – Сергей Абдулла (Атырау қаласы);
ІІІ орын – Аман Дарын (Қызылорда қаласы).

+45 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Амантайұлы Абылай (Атырау қаласы);
ІІ орын – Базарбаев Әділбек (Ақтөбе қаласы);
ІІІ орын – Жарылқасын Қайсар (Қазалы ауданы);
ІІІ орын – Асылбекұлы Мағжан (Аманөткел ауылы).

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен және дипломдармен марапатталды.

Бұл дода жас балуандардың спорттық шеберлігін шыңдап қана қоймай, ұлттық күрес өнерін дәріптеуге, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, қайсарлық пен табандылыққа тәрбиелеуге зор үлес қосты.

Сартай батырдың ерлік жолын ұлықтаған дүбірлі додада жеңіс тұғырынан көрінген барлық балуандарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер тілейміз!

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: