Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

01.11.2026, 9:50 23

Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QazaqGazAimaq» мекемесінің мамандарымен бірлесіп, жылу беру маусымы кезеңінде аудан тұрғындары арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары, газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, жылыту пештерінің мұржаларын уақытылы тазалау және желдету жүйелерінің жарамдылығын тексеру қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, газдан уланудың және өрт оқиғаларының алдын алу, газ иісі сезілген жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер жөнінде ақпарат беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті!

Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: