Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш кентінде жаңа кәсіпкерлік нысан бой көтерді

07.08.2023, 15:25 868

Бүгін аудан әкімі Жалағаш кентіндегі «Далида» сауда орталығының ашылу рәсіміне қатысып, жаңа кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі Жалағаш ауданы бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 218 бірлікке немесе 8 пайызға артып, аудан тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысу деңгейі жоғарылағанын жеткізді. Жыл басынан аудан бойынша 2 млрд. 202,4 млн теңгені құрайтын 97 жоба қаржыландырылып, 127 адам жұмыспен қамтылған.

Көптің қалауымен ашылған жаңа орталық, жеке кәсіпкер Бақыткүл Ахметованың жалпы алаңы 360 шаршы метрді құрайтын «Далида» сауда орталығы. 

Жоба құны 100 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 57 млн теңге «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Банк Центр кредит» АҚ арқылы жеңілдетілген пайызбен қаржыландырылған.

Сауда орталығында 16 шағын дүкен бар. Қарапайым халыққа қолжетімді бағада тауарларын ұсынатын болады. 

Заманауи үлгідегі сауда үйінде жылдың 4 мезгіліне де қолайлы, халыққа қызмет көрсету сапасы өте жоғары, аудандағы ірі сауда нысандардың біріне айналмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: