Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырын ішіне бүккен Қышқала

21.06.2023, 14:18 240

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында «Біз сан ғасырлық тарихымызды мақтан етеміз. Тамыры терең төл шежіреміз – халқымыздың мәдени кодының өзегі. Оны жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізуге және барынша дәріптеуге қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі.Тарихи танымды кеңейтуге зор үлес қосатын тағы бір маңызды сала – археология» екенін атап өткен болатын.

Бүгін басқарма басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы маңындағы ортағасырлық Қышқала қалашығында археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысты.

ХІІІ-ХҮ ғасырлармен мерзімделетін ортағасырлық Қышқала қалашығына республикалық бюджет есебінен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы бойынша «Ортағасырлық Қышқала (Баршынкент): Алтын орда дәуіріндегі қалалық мәдениет контексінде» атты жобасы аясында жүргізілуде.

Қазба жұмыстарын елімізге белгілі археолог, профессор Мадияр Елеуовтің жетекшілігімен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атқаруда.Биылғы жылы археологиялық жұмыстардың нақты бір нәтижесі ретінде, археолог ғалымдардың ғылыми негіздемелеріне сәйкес аймақ басшысының қолдауымен облыстық бюджет есебінен «Шірік Рабат алтын адамы» және «Сығанақ ханшайымы» реконструкциясы жасалады.

Бүгінгі күні облыс көлемінде 3 археологиялық қалашыққа – ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Сығанақ, Жанкент қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: