HALYQLINE.KZ Тезек төре ұрлық қылған бір топ жігітті дарға асқалы жатқанда, Кебекбай деген би топ ішінен суырылып шығып:
— Дат!
Ау төре менің бір сұрағым бар, -депті.
— Айт.
— Айтсам, су басынан тұна ма, əлде аяғынан тұна ма? — деп сұрапты.
— Аяғынан су тұнатын ба еді, басынан тұнады да! — деп жекиді Тезек.
Сонда Кебекбай:
— Олай болса, төрелігіңе құлдық, елдің төресі бола тұрып алдымен ұрлықты өзің жасайсың. Елде ұрлық-қарлық тыйылсын десең, алдымен жазаны өзіңнен бастау керек, — деген екен.
Дінмұхаммед Қонаевтың
«Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабынан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!