Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тезек төренің теріс төрелігі

12.02.2022, 15:00 841

HALYQLINE.KZ Тезек төре ұрлық қылған бір топ жігітті дарға асқалы жатқанда, Кебекбай деген би топ ішінен суырылып шығып:

– Дат!

Ау төре менің бір сұрағым бар, -депті.

– Айт.

– Айтсам, су басынан тұна ма, əлде аяғынан тұна ма? – деп сұрапты.

– Аяғынан су тұнатын ба еді, басынан тұнады да! – деп жекиді Тезек.

Сонда Кебекбай:

– Олай болса, төрелігіңе құлдық, елдің төресі бола тұрып алдымен ұрлықты өзің жасайсың. Елде ұрлық-қарлық тыйылсын десең, алдымен жазаны өзіңнен бастау керек, – деген екен.

Дінмұхаммед Қонаевтың

«Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: