Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа кейіпке енген көше

05.11.2026, 10:15 18

HALYQLINE.KZ

Шиелі кентінің теріскей бетіндегі, халық арасында «Шанхай» аталып кеткен аумақта орналасқан Шаймерден Бәкіров көшесі толықтай жаңғыртудан өтіп, жаңа кейіпке енді. Кенттің көркін арттырып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асқан жұмыстар нәтижесінде көше инфрақұрылымы заман талабына сай жаңартылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Атап айтқанда, көше бойына екі қабатты асфальт жабындысы төселіп, заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолдары абаттандырылып, түнгі жарықтандыру шамдары қойылды. Бұдан бөлек, көлік қозғалысын реттеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында айналма жол бөлігі салынды. Нәтижесінде көше күндіз де, түнде де ерекше ажарланып, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасты.

Айта кетейік, Шиелі кентіндегі жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Бұған дейін Қожа Ахмет Ясауи көшесі де қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілген болатын. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аталған көшеде төрт жолақты жол бөлігі қалыптастырылып, көлік қозғалысының қолайлылығы артты.

Шаймерден Бәкіров және Қожа Ахмет Ясауи көшелеріндегі құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС жүзеге асырды.

Жалпы, мұндай игілікті істердің басты мақсаты – ауданның инфрақұрылымын дамыту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және кенттің сәулеттік келбетін көркейту.

Жаңарған жолдар мен абаттандырылған көшелер – Шиелі өңірінің дамуының айқын көрінісі. Шиелінің ажарын ашып, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: