Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚМДБ өкілі сотталғандармен кездесті

25.11.2026, 10:50 40

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынын өкілі сотталғандармен кездесті.

Қызылорда облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ҚМДБ Оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Кенжалин Қызылорда облысына іссапары барысында түзеу мекемесінің сотталғандарды радикалды көзқарастан арылту орталығында дәріс жүргізді.

Іс шараның мақсаты – сотталғандарды имандылық пен ізгілікке үндеп, дұрыс бағыт-бағдар беру. Арнайы келген теолог маман «Радикалды көзқарас және Ислами құңдылықтар» тақырыбында дәріс оқыды.  Ислам діні аясында сотталғандармен сұхбат құрып, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Кейін кездесу барысы рухани-адамгершілік құңдылықтары жайында талқыланып, дөңгелек үстелге ұласты.

Сотталғандар өз ойларын ортаға салып, ҚМДБ өкілі Данияр Кенжалиннің де пікірін біліп, қорытындылай келе оң пікір қалыптастырды. Ашық форматта өткен кездесу мекемеде жазасын өтеп жатқандарға рухани тұрғыдан әсер қалдырды.

 «Дініміздегі жақсы қасиет пен мінез-құлық туралы анықтамалар, өмірді жақсы жаққа бұру, мейрімділік пен адамгершіліктің мән-мағынасы дәрістерде жиі айтылады. Тоелогиялық оңалту тобының жүйелі жұмысының арқасында жазасын өтеушілер елімізге белгілі теолог, ҚМДБ Оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Кенжалинмен кездесіп, дәріс тыңдады. Бұл олардың имандарын күшейтіп, рухани тыныштануға көмектеседі. Әрбір сотталған азаматтың оңалуына барынша ықпал етеміз»,- дейді Теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру  тобының жедел уәкілі әділет капитаны Р.Рузиев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: