Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында бір аптада 7 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

21.10.2026, 11:45 46

Қызылорда облысында бір апта ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 7 мыңнан астам дерегі тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Өңірде жүргізілген рейдтік-профилактикалық іс-шаралар барысында жүргізушілер тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзу деректері анықталған.

Атап айтқанда, белгіленген жылдамдықты асырудың 2 392 дерегі тіркелген. Сондай-ақ тиісті құжаттарсыз немесе көлік басқару құқығынсыз жүрудің 246, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 155 және маневр жасау қағидаларын бұзудың 259 жағдайы анықталды.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және алкогольдік масаң күйде көлік тізгініне отырмауға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: