Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

150 орындық жаңа клуб үйі салынуда

05.11.2026, 9:40 26

HALYQLINE.KZ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілігімен Жаңақорған ауданының М.Нәлібаев ауылдық округінде екі қабатты, 150 орындық ауылдық клуб үйінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар жоба аясында нысанның 1,3 гектар аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарастырылған. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын қамтамасыз ету, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жаңа мәдениет ошағы ауыл тұрғындарының мәдени тынысын кеңейтіп, шығармашылық әлеуетін дамытуға және түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: