Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төсек қатынасы адамды есінен тандырады

09.05.2021, 10:00 1071

HALYQLINE.KZ

Секс адамды ақыл-есінен айырады екен. 100 мың адамның ішінде төсек ләззатынан амнезияға ұшырау жағдайлары 3-5 рет кездесуі мүмкін.

АҚШ-тың Джорджтаун университеті ғалымдарының мұндай қорытынды жасауына 54 жастағы әйелдің диагнозы себеп болды.

Пациент өзінің бір тәулік бойы не істегенін есіне түсіре алмағандықтан, Вашингтон ауруханасының дәрігерлеріне көрінген.

Ақ халаттылардың анықтауынша, әйел күйеуімен болған төсек қатынасы кезінде есте сақтау қабілетінен айырылған.

Ғалымдар оның «өтпелі ауқымды амнезиядан» зардап шеккенін айтып отыр. Бірақ әйелдің миына ешқандай зақым келмеген, мұқият емделген соң, оның ақыл-есі қалпына түседі. Мұндай ауру 100 мың адамның ішінде 3-5 рет кездеседі екен. Амнезия төсек қатынасынан ғана емес, ауыр көтеру немесе бала босанудан да болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: