Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі мерекемен құттықтады

01.05.2021, 11:00 510

Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді ырысты ынтымақтың, берекелі бірлік пен тату тірліктің, достық пен бейбітшіліктің мейрамы – 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – баға жетпес байлығымыз Тәуелсіздігіміздің берік тірегі. Берекені көздеген еліміздің мерекелі тірлігінің арқауы. Бұл күні біз 130-дан астам тағдырлас этнос өкілдерін бір шаңыраққа сыйдырып, бір тудың астына жинап, татулығы мен тұтастығы мызғымас еңселі еліміз, іргелі мемлекетіміздің ауызбіршілігі мен ынтымағын дәріптей түсеміз.

Халқымызда «тірлік басқа болса да тілек бір, бармақ басқа болса да білек бір» деген дана сөз бар. Қашан да ішкі ынтымағы жарасқан елдің көптен көші озып, болашаққа басқан қадамы нық болары анық. Бүгінде тұрақтылықты ту етіп, Тәуелсіздіктің 30 жылына қадам басқан еліміздің татулығының арқасында талай биікті бағындырып, экономикамыз әлденіп, халықтың тұрмыс-тіршілігі түзеліп келеді. Ортақ Отанымыздың дамып, гүлденуіне әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі зор деп білемін.

Қадірлі жерлестер!

Егемен еліміз бен тамыры тереңге тартқан Қызылорда қаласының бүгінгі жетістіктері мен табыстарының бастауы татулық пен тұтастық. Тұтастық пен татулық барда елдігімізге сына түспей, бейбітшілік пен береке салтанат құратыны белгілі. Ендеше ел ішін тату тірлікке бастап, берекемізді бекемдей түсейік.

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, жанұяларыңызға жылылық пен мол табыс, дендеріңізге саулық, кәсіптеріңізге береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз мәңгі, бірлігіміз берік болғай!

Құрметпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Ғ.Қазантаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: