Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Энергетика министрі Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

30.11.2020, 16:50 456

HALYQLINE.KZ

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыс орталығында орналасқан «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметімен, оның ішінде, «Зияткерлік кен орны» жобасының жұмысымен танысты.

1993 жылы қызметін бастаған аталған мекеменің бағыты – мұнай және газ өндіру. «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС балансында 5 бөлек мұнай және газ кен орындары бар, 746 адамды жұмыспен қамтып отыр. Атап айтқанда, Орталық Ақшабұлақ, Шығыс Ақшабұлақ, Оңтүстік Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай.

2019 жылы мұнай өндіру көлемі 2,2 млн тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша 1,5 млн тонна мұнай өндіру қажет, 10 айда 1,3 млн тонна өндірілді.

ҚР Энергетика министрлігінің отын-энергетика кешенін цифрландыру бойынша бекітілген Жол картасы аясында «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС өткен жылы «Зияткерлік кен орны» цифрлық технологиясын енгізді. Аталған технологияны енгізу мұнай өндіруді 1-2%-ға дейін, айлық есептік көрсеткішті 700 күнге дейін ұлғайтуға, операциялық шығындарды 10%-ға дейін қысқартуға және басқару шешімдерінің тиімділігін 20%-ға дейін арттыруға ықпал етеді.

Энергетика министрі мен облыс әкімі «Энергосервис» ЖШС-ға барып, төлем жүйесі, бірыңғай төлем құжаты, сервистік қызмет көрсету секілді қызметтерімен танысты.

Кәсіпорынның басты бағыты – тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету. «Энергосервис» ЖШС қызметін 1998 жылы бастаған, бүгінгі күні мекемеде 92 адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын өз қызметінде ақпараттық технологиялар мен төлемнің заманауи әдістерін белсенді қолданады. Тұтынушыларды хабардар ету үшін смс-хабарландыруды және қоңырау шалу, сондай-ақ тұтынушы ақпаратты компанияның веб-сайты және мобильді қосымша пайдаланылады. 2017 жылы «Энергосервис» ЖШС Бірыңғай есептеу орталығы ретінде үш коммуналдық қызметпен (жарық, су және жылу) бірыңғай төлем құжатын енгізуді бастады.

Бірыңғай төлем қағазы – Telegram-bot, смс, АВТО қоңырау шалу, онлайн төлемдер, веб-сайт және жеке кабинет, екінші деңгейдегі банктердің мобильді платформалары және өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары кіретін қызметтер кешені. 2019 жылдан бастап БТҚ-ға Мемлекеттік кірістер департаменті үшін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы туралы ақпарат енгізілді.

Сондай-ақ, делегация «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-на барып, жұмыс барысын көрді. Бұл кәсіпорын жұмысын 1986 жылы бастаған. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – Оңтүстік Торғай бассейніндегі барлау блоктарынан, яғни Құмкөл (оңтүстік-шығыс бөлігі), Оңтүстік Құмкөл, Шығыс Құмкөл, Солтүстік Нұралы, Арысқұм, Қызылқия, Солтүстік-Батыс Қызылқия, Майбұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ мұнай кен орындарын игеруді жүзеге асыратын мұнай өндіруші компания. Жалпы 1560 азаматты жұмыспен қамтып отыр. 2019 жылы мұнай өндіру көлемі 933 мың тоннаны құрады. 2020 жылға арналған жоспар – 691,5 мың тонна. Ағымдағы жылдың 10 айында 625 мың тонна мұнай өндірді.

Мұнымен қоса, Н.Ноғаев пен Г.Әбдіқалықова сол жағалаудағы музейді аралап, тарихи орындардың галереясын көрді. «Болашақ» университетінің жаңа корпусына барып, оқу процесін бақылады. Заманауи үлгіде салынған университеттің материалдық-техникалық базасын тамашалады.

ҚР Энергетика министрі бастамаларға сәттілік тілеп, көтерілген ұсыныстарға қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: