Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдариялықтар Сәрменбаевтан не сұрады

30.10.2026, 21:05 41

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауға келген азаматтар жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, газ жүйесін жүргізіп беру және жеке мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті түсіндірмелер берді.

Аудан әкімі өтініш берушілердің барлық ұсыныстары мен өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді бақылауға алып, тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: