Биыл Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 50 пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тиісті сала басшыларымен бірге Әйтеке би кентіндегі салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын аралап, жұмыс сапасын бақылады. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің ішкі сыртқы әрлеу, есік, терезелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігерлерге жұмыстарды созбалаңға салмай, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды қатаң тапсырды. Кейбір тұрғын үйлердегі құрылыс жұмыстары бойынша кемшіліктерді атап көрсетіп, шұғыл қалпына келтіруді де ескертті.
Жауапты сала басшыларына тұрғын үйлерді қабылдау кезінде барлық құрылыс талаптарының сақталуын, тұрғындарға дайын баспаналарды сапалы етіп ұсынуды міндеттеді.
Айта кету керек, 2022 жылдан бері Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 280 пәтердің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!