Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

29.10.2026, 0:27 29

Сырдария ауданының “Руханият” орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ешниязов, сала ардагерлері мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен ел игілігі жолындағы еңбектерінің маңыздылығына тоқталды.
– Әлеуметтік сала – қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің, адамға деген қамқорлық пен ізгіліктің айқын көрінісі. Бұл бағытта еңбек ету үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті, сабырлылық пен шынайы жанашырлықты талап етеді. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың артында адам тағдыры, отбасының болашағы, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық және қоғамның әл-ауқаты тұр. Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән берілуде. Бүгінде әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыспен қамту, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну, аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесу, мүгедектігі бар азаматтарды қолдау, қарттар мен ардагерлерге қамқорлық жасау бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы міндеттерді абыроймен орындап, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асып, әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып жүрген сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Халыққа қалтқысыз қызмет етіп, игілікті істердің басы-қасында жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін, – деді Нұржан Ерділдаұлы.

Мерекелік шара барысында әлеуметтік қорғау саласының дамуына елеулі үлес қосқан сала ардагеріне «Еңбек ардагері» медаль табысталды. Сондай-ақ сала мамандары облыс және аудан әкімінің, басқарма басшысының» Алғыс хатымен» марапатталды.

Қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және әлеуметтік сала ардагерлері мерекелік лебіздерін білдірді.

Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: