Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс Алматыдағы өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты меморандумды ратификациялады

01.04.2026, 11:00 63

Бүгін Мәжілісте Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолияға арналған өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі меморандум ратификацияланды.

Құжат Алматы қаласында орналасқан өңірлік орталықтың қызметін реттейді. Бұл орталық 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап онлайн форматта жұмысын бастап, 2023 жылдың маусым айында ресми түрде ашылған.

Орталық Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның мемлекеттік қызметкерлеріне арналған. Мұнда макроэкономика, ақша-несие саясаты, бюджет саясаты, қаржылық реттеу мен қадағалау, сондай-ақ макроэкономикалық статистика бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріледі.

Отырыста бұл бастама Алматының өңірлік білім және ынтымақтастық алаңы ретіндегі рөлін күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айтылды.

Меморандумға сәйкес, орталық директорының жалақысы, әлеуметтік кепілдіктері мен тұрғын үй шығындарын Халықаралық валюта қоры өтейді. Ал өзге шығындар бенефициар мемлекеттер мен халықаралық донорлар есебінен қаржыландырылады.

Фото: ernur.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: