Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арман Қарсыбаев: «Білегі жуан әлем чемпиондары Шардараға келеді»

24.05.2021, 11:00 971

HALYQLINE.KZ Жақында Түркістан облысы, Шардара қаласында үздік қол күрес шеберлері арасында жарыс өтеді. Бұл туралы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы әрі ұйымдастырушы Арман Қарсыбаев «Halyqline.kz» ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Shardara.armsport және шетел спортшылары арасында өтетін жекпе-жекке Қазақстан мен шетелден кімдер қатысады. Толық айттып өтсеңіз?

– 29-30 мамыр күндері “Shardara.аrmsport” клубының бес әлем чемпионы мен басқа мемлекеттен бес әлем әлем чемпионы күш сынасады. Канада, Өзбекстан, Грузия, Ресей және Латвиядан спортшылар келеді деп күтіп отырмыз. Ол қатысушылардың бесеуі де – әлем чемпионы.

Сайыстың мақсаты не? Көрермендер қатыса ала ма?

– Мақсатымыз – қазір әлемге танылған қол күресі спорты бойынша “Shardara.armsport” клубы мүшелері мен дүниежүзіндегі ең мықты спортшыларды жекпе-жекке шығару арқылы  мүмкіндігімізді көрсету. Осы салада біздің қазақ елін таныту. Қазақстанның атын әлемге әйгілеу, Шардараның даңқын көтеру, таныту мақсатымен өткізіп жатырмыз. Көрерменсіз, барлық санитарлық талапты орындай отырып ұйымдастырамыз.

Бұл бір реттік шара ма әлде болашақта тұрақты өткізіп тұру ойда бар ма?

– Оны уақытында көреміз. Болашақта тағы «Шардара VS Азия», «Шардара VS Еуропа» атты жарыстарды өткіземіз деген ниеттеміз.

Егер құпия болмаса, жеңімпаздарға берілетін жүлде қоры қанша екенін айтасыз ба?

– Сайыс жеңімпаздарына Қазақстанның ұлттық нақыштағы сувенирлері, медальдар мен кубоктар беріледі. Демеушілердің көмегімен қомақты қаржылай сыйлақтар да табысталады.

Шардара мен әлем құрамасы арасында өтетін бес жекпе-жекте күш сынасушылар мыналар:

57 келіде: Нұрмұхан Ердәулет (Қазақстан) VS Ахмат Айбазов (Ресей);

70 келіде: Қадір Нұрдәулет (Қазақстан) VS Вилени Гаврава (Грузия);

78 келіде: Айдархан Нұрдәулет (Қазақстан) VS Ален Гоер (Канада);

86 келіде: Талғат Ақтаев (Қазақстан) VS Владислав Красовский (Латвия);

95 келіде: Қаржау Есболат (Қазақстан) VS Бобур Бекчанов (Өзбекстан).

Сұхбаттасқан – Айбек МҰХАНОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: