Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнеткер Елсияр Қанағатов жастарға орын бермей ме?

19.02.2024, 11:40 609

14 ақпанда ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми парақшасында спорт саласының ардагері Елсияр Қанағатов олимпиада ойындарына дайындық туралы сұхбат берді.

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР құрметті спорт қайраткері Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы 1955 жылы 5 қазанда Қытайдың Шәуешек қаласында дүниеге келген. Қазір 68 жаста екен. Ол Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың кезінен бері спорт саласындағы әртүрлі лауазымды қызметтерді атқарып келеді. Санамалап шықсақ:

  • 1994-1997 жж., ҚР жастар істері, дене шынықтыру және спорт министрлігі департаменті бастығының орынбасары;
  • 1997-1999 жж., ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы;
  • 1999-2004 жж., ҚР Туризм және спорт агентігінің спорт және бұқаралық жұмыс бөлімінің бастығы;
  • 2004-2006 жж., ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2006-2010 жж., ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Ұлттық құрамалар және спорт резервінің штаттық құрамы дирекциясы» МКҚК директоры;
  • 2010-2012 жж., ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы;
  • 2012-2014 жж., ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары;
  • 2014 жылғы тамыз айынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы;
  • 2018 жылғы қаңтардан бері ҚР Ұлттық Олимпиада Комитеті Спорт дирекциясының директоры.

«Жас келсе – іске, кәрі келсе – асқа» демекші, жасы жетпіске жақындаған Елсияр Қанағатовты қашанғы қинай береміз? Бұл жүріспен, бейнетінің зейнетін қашан көреді?!

«Жаңа Қазақстанның» спорты да жас басшыға жарымай жүргені ме?!

Айбек МҰХАНОВ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: