Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі қаламгерлер командасын қабылдады

12.05.2025, 13:20 158

Алматы қаласында мамырдың 10-11 күндері «Хабар» агенттігінің 30 жылдық мерейтойы аясында спорт журналисі Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 14 команда қатысты. Солардың ішінде Сыр елінің үмітін арқалаған «Ақмешіт» футбол командасы топ жарып, бас жүлдені иеленді.

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов қаламгерлерден құралған «Ақмешіт» футбол командасын салтанатты түрде қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады.

– Бұл жеңіс Қызылорда қаласының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында зор маңызға ие болып отыр. Сіздер журналистика саласында ғана емес, спортта да серпінді қадам жасадыңыздар. Доп додасында дарабоз атанып, мерейімізді асыра білдіңіздер. Бұл – ортақ абырой. Жеңістеріңіз құтты болсын! – деп Нұржан Сәбитұлы ізгі тілегін жеткізді. Командаға сый-сияпат жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: