Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңғыстаудан қанша әлем чемпионы шыққан?

06.12.2021, 14:20 718

HALYQLINE.KZ Маңғыстауда туып, күллі КСРО-ның намысын қорғаған қос спортшымыз бар. Олар – боксшы  Шоқыр  Бөлтекұлы  мен  желаяқ  Әмин  Тұяқов.  Оларды маңғыстаулықтар ғана емес,  қазақ елі мақтан тұтады.

Шоқыр  Бөлтекұлы  өткен  ғасырдың  оныншы  жылдары  дүниеге   келді.  Әкесінен ерте айырылып, балалар үйінде оқып, мектеп бітірді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, 1944  жылдары  жарақаттанып  елге  оралады.  Кәсіби  карьерасында  үш рет Қазақ  ССР-інің  чемпионы  атанды.  Шаршы  алаңда  223  кездесу өткізіп, оның  199-ында жеңіске жеткен. Әлем біріншілігіне қатыспаса да, қазақ боксының негізін қалаған тұлға. Ал  Әмин Тұяқов болса, жеңіл атлетикадан  КСРО-ның бес дүркін чемпионы (1962, 1965, 1966), Еуропа кубогының жеңімпазы (1965), Еуропа чемпионы (1966).  Солақай саясаттың кесірінен  әлем чемпионатына  қатысу бақыты бұйырмады.

Есесіне, 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған тұста маңғыстаулық жастар аға буын өкілдерінің жете алмай кеткен армандарын орындағандай. Енді облысымыздан шыққан дүниежүзінің жүлдегерлерін тізіп көрейк;

Әлем чемпиондары:

  1. Татьяна Кудрявцева, пауэрлифтинг, Кахорс 2004 ж.

2. Татьяна Кудрявцева, пауэрлифтинг, Клевеланд 2004 ж.

3. Ердос Жаңабергенов, бокс, Мяньян 2005 ж.

4. Татьяна Кудряцева, пауэрлифтинг, Стокгольм 2005 ж.

5. Венера Жетібаева, каратэ-до, Москва 2008 ж.

6. Бек Өмірзақ, кекушинкай каратэ-до, Баку 2013 ж.

7. Мұрат Жаумытбаев, кекушинкай каратэ-до, Баку 2013 ж.

8. Әйгерім Әбілқадырова, грэпплинг, Нұр-Сұлтан 2018 ж.

9. Берекет Нұрбаев, кекушинкай каратэ-до, Баку 2018 ж.

10. Асқар Шоханов, пауэрлифтинг, Йоханесбург 2018 ж.

11. Алия Тлепова, джиу-джитсу, Киев 2019 ж.

12. Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу-джитсу, Киев 2019 ж.

13. Азамат Абаев, джиу-джитсу, Киев 2019 ж.

14. Мөлдір Мекенбаева, джиу-джитсу, Абу-Даби 2019 ж.

15. Асқар Шоханов, пауэрлифтинг, Токио 2019 ж.

16. Бекзат Нұрдаулетов, бокс, Екатеринбург 2019 ж.

17. Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу-джитсу, Киев 2021 ж.

18. Алия Тлепова, джиу-джитсу, Киев 2021 ж.

19. Мөлдір Мекенбаева, джиу-джитсу, Абу-Даби 2021 ж.

20. Нұрдәулет Жарылғапов, белбеу күресі, Қазан 2021 ж.

21. Гүлдана Әлмұханбетова, жауынгерлік самбо, Ташкент 2021 ж.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері;

  1. Ержан Қожаев, каратэ-до, Токио 2006 ж.

2. Татьяна Кудрявцева, пауэрлифтинг, Соелден 2011 ж.

3. Әділбек Ниязымбетов, бокс, Баку 2011 ж.

4. Татьяна Кудрявцева, пауэрлифтинг, Пилсен 2012 ж.

5. Асқар Шоханов, пауэрлифтинг, Каунас 2013 ж.

6. Әділбек Ниязымбетов, бокс, Алматы 2013 ж.

7. Қуандық Қонысов, джиу-джитсу, Вроцлав 2016 ж.

8. Анарбек Қойшман, кекушинкай каратэ-до, Баку 2018 ж.

9. Арслан Суюншалиев, пауэрлифтинг, Йоханесбург 2018 ж.

10. Дархан Нортаев, джиу-джитсу, Абу-Даби 2019 ж.

11. Арслан Суюншалиев, пауэрлифтинг, Токио 2019 ж.

12. Нұркен Домбаев, жауынгерлік самбо, Чхонджу 2019 ж.

13. Жадыра Бердімұхамедова, пауэрлифтинг, (классика) Вильнюс 2021 ж.

14. Жадыра Бердімұхамедова, пауэрлифтинг, (экиперовка) Вильнюс 2021 ж.

15. Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу-джитсу, Абу-Даби 2021 ж.

16. Гаухар Жаңабергенова, джиу-джитсу, Киев 2021 ж.

17. Дархан Нортаев, джиу-джитсу, Абу-Даби 2021 ж.

Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері;

  1. Халид Халидов, каратэ-до, Париж  2003 ж.

2. Магомед Круглиев, еркін күресі, Будапешт  2005 ж.

3. Халид Халидов; каратэ-до, Париж  2012 ж.

4. Берік Әбдірахманов, бокс, Алматы  2013 ж.

5. Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу-джитсу, Бангкок 2015 ж.

6. Асқар Шоханов, пауэрлифтинг, Сундсваль 2015 ж.

7. Асқар Шоханов, пауэрлифтинг, Родби 2016 ж.

8. Қайрат Сарымсақов, таеквондо, Муджу 2017 ж.

9. Асқар Шоханов, пауэрлифтинг, Каунас 2017 ж.

10 .Дархан Нортаев, джиу-джитсу, Богота 2017 ж.

11. Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу-джитсу, Богота 2017 ж.

12. Нұрлан Есполов, джиу-джитсу, Богота 2017 ж.

13. Алия Тлепова, джиу-джитсу, Богота 2017 ж.

14. Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу-джитсу, Малмо 2018 ж.

15. Нұркен Домбаев, жауынгерлік самбо, Бухарест 2018 ж.

16. Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу-джитсу, Абу-Даби 2019 ж.

17. Еркінбек Байтөреев, каратэ-до, Саньтяго 2019 ж.

18. Атагелді Есетов, джиу-джитсу, Абу-Даби 2019 ж.

19. Қайрат Сарымсақов, таеквондо, Манчестр 2019 ж.

20. Атагелді  Есетов, джиу-джитсу, Абу-Даби 2021 ж.

21. Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу-джитсу, Абу-Даби 2021 ж.

22. Дархан Нортаев, джиу-джитсу, Абу-Даби 2021 ж.

23. Нұркен Домбаев, жауынгерлік самбо, Ташкент, 2021 ж.

24. Берекет Нұрбаев, кекушинкай каратэ-до, Краков 2021 ж.

Медальдар көрсеткіші  (1991-2021 жж)

Орындар    Спорт түріАлтынКүмісҚолаБарлығы
   1джиу-джутсу   7   5  11   23
   2пауэрлифтинг   5   7   3   15
   3кекушинкай каратэ-до   3   1   1    5
   4бокс   2   2   1    5
   5каратэ-до   1   1   3    5
   6жауынгерлік самбо   1    1   2    4
   7грэпплинг   1   0   0      1
   8белбеу күресі   1   0   0    1
   9таеквондо   0   0   2    2
  10еркін күресі   0   0   1    1
Барлығы   21  17  24   62

Кеңес кезінде облысымыздан әлем чемпиондары шықпады. Бірақ тәуелсіздік алғаннан кейін Маңғыстау спорты жанданғандай. Ересектер арасынан 62 әлем біріншілігінің жүлдегерлері шықса, қазір джиу-джутсу, пауэрлифтинг, кекушинкай каратэ-до, бокс, грэпплинг жақсы дамып келеді. Бірақ жүлденің ең көбі жеңіл атлетика мен жүзуде. Болашақта Маңғыстау өңірінен де Усейн Болт пен Майкл Фелпс сияқты саңлақтар шығатынына сеніміміз зор.   

    Айбек МҰХАНОВ,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: