Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдау жүктеген жауапкершілік

08.09.2021, 16:50 314

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айқындалған басымдықтарды түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өткізілді.

Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, аудан ардагерлері, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері және онлайн форматта кент, қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Актив жиынында аудан басшысы Мұхтар Оразбаев осынау маңызы зор Жолдау жүктеген міндеттерге қатысты сөз қозғады.

– Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, адам құқығын қорғауға бағытталған бастамаларын жариялады. Осылайша, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудағы 5 бастама айқындалды, – деген Мұхтар Әуесұлы маңызды құжаттың негізгі міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, Жолдаудан туындайтын бірқатар шараларды жүзеге асырудың жолдарын ұсынып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Басқосуда облыстық мәслихат депутаты, «Тілеп» ЖШС директоры, Қазалы кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Ібайдулла Тілеп, Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Әбілов, №276 орта мектеп директорының орынбасары, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Бағдат Орымбас, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Ғ.Мұратбаев музейінің директоры Роза Асанова Жолдауда белгіленген бағыттар бойынша баяндама жасап, өз ұсыныс-пікірлерін айтып, қолдау білдірді.

Жиынды қорытындылаған Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев саяси құжатта берілген басым бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс атқаруға шақырды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: